Шымкент: Өттегі тас алынды
Түркістан облыстық клиникалық ауруханасының №1 жансақтау бөліміне 69 жастағы науқас жүрек айну, құсу, ауыздың құрғауы, шөлдеу, бас ауруы, асқа тәбеттің төмендеуі, дененің ауырсынуы, әлсіздік белгілерімен ауыр жағдайда жатқызылды.
Науқасқа дәрігерлер тексеру жүргізу барысында эзофагодуоденоскопияда холедоходуоденальды жыланкөз анықталды. Мұнан соң, науқастың құрсақ қуысына магнитті-резонансты зерттеуі жүргізілді.
Нәтижесінде өт-тас ауруы және жіңішке ішектің жедел обструктивті өтімсіздігіне алып келген он екі елі ішектің көлденең бөлігінде үлкен тас анықталды.
Науқасқа МӘМС шеңберінде лапаротомды холецистэктомия, он екі елі ішек жыланкөзін тігу, жіңішке ішек өтімсіздігін жою операциясы жасалды. Науқастың құрсақ қуысына санация, дренажды түтікшелер қойылып, емдеу шараларын жалғастырды.