ШЫМКЕНТ:МИЛЛИОНШЫ ТҰРҒЫН АЙСҰЛУ 5 ЖАСҚА ТОЛДЫ - 17news.kz ақпараттық-сараптамалық сайты

ШЫМКЕНТ:МИЛЛИОНШЫ ТҰРҒЫН АЙСҰЛУ 5 ЖАСҚА ТОЛДЫ

0
84
Ел демографиясындағы орны ерек қаланың бірі – Шымкент. 1991 жылы Шымкентте халық саны 440 мың болса, 2018 жылы бұл көрсеткіш 1 миллионға жетті. Ал 2023 жылғы 1 мамырдағы статистикаға сүйенсек, қаладағы халық саны 1200,7 мың адамды құрады.
2018 жылдың 17 мамыр күні Шымкенттің миллионыншы тұрғыны дүние есігін ашты. Еламановтар отбасының тұңғышы – Айсұлу есімді сәби Шымкенттің миллионыншы тұрғыны деп ресми түрде танылды. Бұл оқиға бір отбасының ғана емес, қала жұртшылығын қуанышқа бөледі. Сол кезде қала басшылығы жас отбасын арнайы құттықтап, кәсіпкердің демеушілігімен екі бөлмелі пәтер кілтін табыстаған-ды.
Қаланың миллионшы тұрғыны кішкентай Айсұлу Саматқызы биыл 5 жасқа толып отыр. Қазір ол қаладағы №23 «Жеңіс» балабақшасына барады. Анасы Айжанның айтуынша, Қала күні мерекесі Еламановтар отбасына ыстық көрінеді.
–Барша Шымкент халқын бүгінгі мерекемен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мереке біздің отбасымыз үшін ерекше. Осындай Шымкент қаласының тарихи сәтінде, тарихи күнінде өмір есігін ашқан қызымыз биыл 5 жасқа толды. Қаламыз көркейіп, өркендей берсін, – деді Айжан Ахайбекова.
Advertisements