Еліміздің ардагерлеріне 4,3 млрд теңге төленді - 17news.kz ақпараттық-сараптамалық сайты

Еліміздің ардагерлеріне 4,3 млрд теңге төленді

8

 Қазақстанда 83 048 ардагер тұрады. Олардың ішінде 111 Ұлы Отан соғысына қатысушы, 16 796 ардагер ҰОС ардагерлеріне теңестірілген,26 553-і  басқа мемлекеттер аумағында  жауынгерлік іс-қимылда болған ардагер және ҰОС жылдарында  тылда еңбек еткендер саны – 39 588. 

Еңбек министрлігінің мәліметінше, 2025 жылдың басынан бастап азаматтардың осы санаттарына 4,3 млрд теңге сомасына арнайы мемлекеттік жәрдемақы төленіпті. Ағымдағы жылы бұл мақсаттарға 17 млрд теңге қарастырылған.

Ай сайынғы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы барлық ардагерлерге басқа әлеуметтік төлемдерді алуына қарамастан республикалық бюджеттен төленеді. Жәрдемақы мөлшері ардагер санатына байланысты:

ҰОС ардагерлері 16 АЕК алады (2025 жылы 62 912 теңге).

Жеңілдіктері бойынша ҰОС ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер, соның ішінде:

  • ҰОС кезеңінде жаралануы немесе ауыруы салдарынан мүгедектігі бар адамдарға жеңілдіктер бойынша теңестірілген адамдар 7,55 АЕК (2025 жылы 29 687 теңге).
  • Жеңілдіктер бойынша ҰОС қатысушыларына теңестірілген тұлғалар6,19 АЕК (2025 жылы 24 339 теңге).

Басқа мемлекеттердің аумағындағы қимылдарының ардагерлері, соның ішінде:

  •  Ауғанстандағы іс қимылдардың қатысушылар6,19 АЕК (2025 жылы 24 339 теңге).
  • Халықаралық бітімгершілік операцияларға қатысқан әскери қызметшілер4,8 АЕК (2025 жылы 18 874 теңге).                                                                                                                                                                                       ҰОС жылдарындағы тыл еңбеккерлері 2,13 АЕК (2025 жылы 8 376 теңге).                                               Бұл төлемдер ардагерлер мен олардың отбасыларына материалдық көмек пен елге сіңірген еңбегін мойындау арқылы қолдау көрсетуді жалғастыруда.
Advertisements