Түркістан: Қарбыздың алғашқы өнімі жиналуда

Түркістан облысы Жетісай ауданының дихандары қарбыздың алғашқы өнімін жинауда. Бұл уақтылы және үздіксіз сумен қамтамасыз етудің арқасында мүмкін болды.
“Біз қарбыздың алғашқы өнімін жөнелтуге дайынбыз. Биылғы жылы қарбыз өте жақсы өсіп, ылғалды көп сіңірді”,-дейді дихандар.
Суару маусымы басталғаннан бері елдің оңтүстігіндегі “Қазсушар“ филиалдары дихандарға 2,5 млрд текше метрден астам су жіберген.
Түркістан облысында су тарту 1,3 млрд текше метрді,суғарылғаны 276 мың гектар жерді құрады.
Жетісай ауданының 84,3 мың гектар егіс алқабын суаруға 304 млн текше метр су жіберілді.