ҚҰРБАН АЙТ: ҚҰРБАНДЫҚ ШАЛАТЫН ОРЫНДАР БЕЛГІЛЕНДІ
Шымкенттегі барлық мешітте 2023 жылғы 28 маусым күні таңғы сағат 6.30-да «Айт намазы» оқылады. Мереке күні қалада бекітілген мал сою орындарында сағат 08:00-ден бастап құрбандық шалу дәстүрі жүзеге асырылады. Осыған орай, ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Шымкент қаласы бойынша аумақтық инспекциясы адам мен жануарларға ортақ, аса жұқпалы (сібір жарасы, құтыру, бруцеллез) ауруларының таралуын болдырмау, қорғау мақсатында бекітілге тәртіпке назар аударуды талап етеді.
–Құрбандыққа шалатын малдың бірдейленуі, яғни құлақ жапсырмаларының болуы, АШЖБ тіркеуде болуы тиіс. Құрбандыққа аталған тірі малдың №1 нысанды ветеринариялық анықтамасы міндеттеліп, тек бекітілген орындарда сою қажет. Сонымен қатар, алынған етті (балалар үйіне, балабақшаға, ауруханаға, мешіттерге т.с.с ұйымдарға) өткізген жағдайда №2 нысанды ветеринариялық анықтамасының болуы және тасымалдау барысында арнайы температуралық режимі сақталған көлікпен тасымалдануы тиіс, – делінген хабарламада.
Мамандар Шымкентте мал союға арналған 3 орын бекітілгенін жеткізді. Олар:
1. «Замин» мал сою бекеті. Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, Сайрам тұрғын алабына қарасты А-Темур көшесі н/з. Байланыс телефоны: 8775 930 64 44
2. «Халал Қассаб» мал сою бекеті. Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, Бозарық- 3 тұрғын алабы №1989 учаске. Байланыс телефоны: 8701 392 83 09
3. «Байтерек Агро» мал сою бекеті. Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, Сайрам тұрғын алабы, Махмут ата көшесі №72 учаске. Байланыс телефоны: 8778 122 31 11