СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ - 17news.kz ақпараттық-сараптамалық сайты

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

0
79
Бүгін Шымкент қаласы әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссияның отырысы өтті. Жиынға Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Қуаныш Асылов пен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Дәурен Ерғарин қатысты.
Комиссия отырысының күн тәртібіне сәйкес, департаменттің биылғы 5 айдағы қызметінің нәтижелері және қалалық білім басқармасының жемқорлықтың алдын алу бойынша атқарған жұмыстары талқыланды.
—Департаменттің қанша жемқорлық фактісін анықтап, қанша лауазым иесін жауапкершілікке тартқаны халық үшін маңызды емес. Тұрғындар үшін Шымкент қаласының қауіпсіз әрі жайлы, медицинаның қолжетімді, білім берудің сапалы болғаны анағұрлым маңыздырақ. Яғни, қарапайым азаматтар бізден статистиканың артуын емес, нақты салаларда заң үстемдігінің орнап, жағдайдың түзелуін күтеді. Сондықтан департамент жемқорлықтың салдарымен күресумен шектелмей, түсіндіру және алдын алу бағытындағы жұмысты күшейтуге баса назар аударып отыр, – деді Д.Ерғарин.
Жиын барысында департамент басшысының бірінші орынбасары Жандос Жұмабаев пен Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева күн тәртібіндегі мәселелер бойынша баяндама жасады.
Жиынды қорытындылаған Қ.Асылов сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу барша мемлекеттік қызметшілердің міндеті екеніне тоқталып, әріптестерін тек қана заң аясында қызмет атқаруға шақырды.
Advertisements