ҚАЗЫҒҰРТТЫҚ КЕЛІНДЕР ҰЛТТЫҚ ДӘСТҮРДІ ҰЛЫҚТАДЫ - 17news.kz ақпараттық-сараптамалық сайты

ҚАЗЫҒҰРТТЫҚ КЕЛІНДЕР ҰЛТТЫҚ ДӘСТҮРДІ ҰЛЫҚТАДЫ

0
64
Бүгінгі қыз – ертеңгі ана. Ел болашағын қалыптастырып, саналы ұрпақ тәрбиелейтін аналар мен келіндер алдында үлкен міндет тұр. Ол жас буынның бойына ұлтымыздың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын сіңіріп өсіру. Осы мақсатта Қазығұрт ауданы, Атбұлақ ауылдық клубында «Жақсы келін – ырысым» атты келіндер байқауы өтті.
Шараны Атбұлақ мектебінің қазақ тілі әдебиет пәні мұғалімі Жанат Нәлібаева ашып берді. Байқау 6 кезеңнен тұрды. Атап айтқанда «Мен қазақтың келінімін», «Бәйге», «Өнерлі өрге жүзер», «Шеберлік», «Қонақ күте білеміз бе?», «Қазақтың келіндеріне әсемдік жарасады» кезеңдерінде сайысқа түскен келіндер өз қабілетімен көпшілікті тәнті етті.
Шара соңында Атбұлақ ауылдық клуб меңгерушісі Мақсат Ислам сайысты қорытындылап, байқауға келген үміткерлер мен қонақтарға өз жылы лебізін білдіріп. Сонымен қатар жеңімпаздарды марапаттады.
Айта кетейік, байқау Қазығұрт аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бекіткен іс-шара жоспарына сәйкес ұйымдастырылған.
Advertisements