ШЫМКЕНТТЕ БИЗНЕС ФОРУМ ӨТТІ
Бүгін Шымкентте «Арманда» бизнес форумы өтті. Жиында медиаменеджер, қоғам қайраткері Арман Давлетяров, белгілі дінтанушы, Нұрлан Байжігітұлы, қоғам қайраткері, журналист Ләйлә Сұлтанқызы, белгілі продюсер Жан Мұқанов бизнес түрлерін меңгерудің тың тәсілдерімен қоса отбасылық құндылықтарды сақтау, жастардың рухани дамуы тақырыптарында сөз қозғады.
Пікірталас алаңында бренд қалыптастыру, нарықта сұранысқа ие бизнес түрлерін игеру, бәсекеге қабілетті өнім өндіру мәселелерінде түрлі кеңестер айтылды. Басқосуда кәсіпкерлікті дамытуда мегаполистің мүмкіндіктері мен инновациялық жобаларды тиімді жүзеге асыру тетіктері қарастырылды.
Сондай-ақ форум спикерлері қала аумағындағы әлеуметтік, кәсіпкерлік нысандарды аралап, жергілікті зауыт-фарбрикалардың тыныс-тіршілігімен танысады. Сонымен қатар қала жастарымен кездесіп, кәсіпке баулу тетіктері бойынша шеберлік сабақтарын өтеді.
Алдағы уақытта мұндай форумдар еліміздің өзге де қалаларында жалғасады.