ШЫМКЕНТТЕ БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫНЫҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ - 17news.kz ақпараттық-сараптамалық сайты

ШЫМКЕНТТЕ БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫНЫҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

0
87

Атаулы мерекеге орайластырылған «Мүмкіндіктер алаңы» жәрмеңкесінде қала тұрғындарына 500-ден астам жұмыс орны ұсынылды. «Еңбек мобильділігі» орталығына қарасты Тұран аудандық «Мансап» орталығында өткен іс-шараға қала аумағындағы 30-ға жуық жұмыс беруші мекеме қатыстырылды.
Жыл басынан бері мегаполисте 30-дан астам бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі ұйымдастырылған. Нәтижесінде 2 мыңға жуық адам жұмыспен қамту шараларына тартылған.
Бүгінгі жәрмеңкеде 100-ге тарта тұрғынға жұмысқа жолдама берілді. Бос жұмыс орындарына жолдама алғандардың арасында пробация қызметі есебінде тұрған, мүгедектігі бар, сондай-ақ алимент төлейтін азаматтар бар.

Advertisements