Шымкентте биылғы күзде 52345 дана ағаш көшеттері отырғызылады - 17news.kz ақпараттық-сараптамалық сайты

Шымкентте биылғы күзде 52345 дана ағаш көшеттері отырғызылады

0
45

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту саласында 2024 жылдың 1 жартыжылдығында атқарылған жұмыстар туралы» тақырыбында баспасөз конференциясында айтылды.
Шымкент қаласының аумағында қала тұрғындарына қолайлы жағдай жасау үшін ағымдағы жылы жалпы ұзындығы 36,4 шақырымды құрайтын 20 көшені абаттандыру, көгалдандыру жоспарлануда.
Газон егумен қатар, әр түрлі ағаш көшеттері де
(52 345 дана) отырғызылатын болады. Бұл өз кезегінде тек қана көрік беру үшін ғана емес, қаланың ауасының тазаруына да көп септігін тигізетін болады. Аталған көшелерді көгалдандыру арқылы қаланың көгалдандыру аумағын 385 360 шаршы метрге ұлғайту жоспарлануда.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес 2024 жылғы 6 сәуір – 18 мамыр аралығында «Таза Қазақстан» Республикалық экологиялық акциясы аясындағы өңірде жалпыға бірдей қалалық тазалық науқаны бастау алып өткізілді.
Бірінші «Таза өлке» апталығында (6 – 13 сәуір) қала аумағында санитарлық тазалау жұмыстары барысында көшелер, аяқ жолдар, ирригациялық жүйе, канал мен арық тазаланды. Сонымен қатар, ағаштарды әктеу мен санитарлық кесу жұмыстары жүргізіліп, ағаш көшеттері мен бұталар отырғызылды.
2025 жылға дейін Шымкент қаласында жасыл аймақты 21544 га дейін ұлғайту жоспарланған. Онда 6,5 млн. дана ағаш-бұталар өсірілетін болады. Бүгінгі таңда Шымкент қаласында жайлы ортаны дамыту басқармасының теңгерімінде 25 нысанда 40 субұрқақ (фонтан) бар.
Вйта кетейік, қазіргі уақытта, Шымкент қаласында «Таза Қазақстан» Республикалық экологиялық акциясы жалғасуда. Қала аумағында санитарлық тазалау жұмыстары барысында көшелер, аяқ жолдар, ирригациялық жүйе, канал мен арық тазалануда. Сонымен қатар, ағаштарды ақтау мен санитарлық кесу, шөп ору, көшелерді жуу жұмыстары жүргізілуде.
Аталған іс-шараларға 190 мыңнан аса адам, 2100 ден өндірістік пен кәсіпкерлік нысан, 681 әлеуметтік нысан қатысты, 9157 бірлік техника жұмылдырылды. Науқан барысында 8 мың шақырымнан астам көше, 9 мың шақырымнан астам аяқ жол, 724 шақырымнан астам ирригациялық жүйе, канал мен арық тазаланып, нәтижесінде 9 мыңнан тоннадан астам қоқыс шығарылды.

Advertisements