Шымкентте «Елдесу» мен «Татуласу» жобасы жалғасын табуда - 17news.kz ақпараттық-сараптамалық сайты

Шымкентте «Елдесу» мен «Татуласу» жобасы жалғасын табуда

7

Кеше Шымкент қаласында басталған ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесі «Елдесу және татуласу» жобасы аясында медиация институтын дамытуға арналған семинар-тренингі бүгін М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде жалғасын тапты.

Семинар Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы «Қоғамдық келісім» мекемесінің басшысы Нұркен Әлімқұлов ашып, медиацияны соның ішінде этномедиация әлеуетін этносаралық қарым-қатынастар саласында ұтымды қолдану жайына айрықша тоқталды.

– Біздің көздегеніміз – этномедиацияны дамытуға жағдай жасап, медиаторлардың біліктілігін арттыру ісіне атсалысу және этномедиатор-келіссөз жүргізушілердің әлеуетін ел бірлігі жолында тиімді пайдалану, – деді Н.Құрманұлы.

Семинарға жоғары оқу орындарындағы ҚХА орталығының мамандары мен оқытушылары, мемлекеттік мекемелер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері қатысуда.

Семинар-тренингте ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесінің сарапшысы Талшын Италиева, Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Этномедиация кеңесінің төрағасы, Ұлттық Құрылтай мүшесі Шерзод Пулатов, психолог-конфликтолог Резеда Баймухаметова сынды жоғары білікті мамандар тыңдаушыларға дәріс оқып, тиімді тәжірибелерімен бөлісуде.

Advertisements