Ұлытау облысында жоғалған бес адам табылды - 17news.kz ақпараттық-сараптамалық сайты

Ұлытау облысында жоғалған бес адам табылды

1

Ұлытау облысы Жезді кентінің бес тұрғыны 28 желтоқсанда ауылдан жеңіл автокөлікпен шығып, жоғалып кеткен болатын.

Төтеншеліктердің хабарлауынша, ер адамдар Бидашона шаруа қожалығын бетке алған боатын, сөйтіп байланысқа шықпаған. Араға уақыт  саып туыстары құтқарушылардан көмек сұрады.

ТЖМ күштері дронның көмегімен іздестіру жұмыстарын жүргізді. Іздестіру тобы жоғалғандарды тауып, Жезді кентіне эвакуациялады. Олар медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ. Белгілі болғандай техниканың ақаулығынан олар қар құрсауында қалып қойған.

Advertisements