Шымкентте әскери қызметкерлерге құрмет көрсетілді
2022 жылы 19 қаңтарда ҚР Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Арнайы операциялар күштерінің қолбасшылығы құрылған болады.
Әскери құрылым – елдің қорғаныс қабілеттілігін және әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша арнайы міндеттерді орындайды. Қажет болған жағдайда бөлімшелер лаңкестікке қарсы операцияларға қатысады және заңсыз қарулы құрылымдарға қарсы әрекет етеді.
Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков ҚР Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовпен бірге Арнайы операциялар күштерінің құрылған күніне орай ескерткіштің ашылу салтанатына және 36814 әскери бөліміне жауынгерлік ту табыстау рәсіміне қатысты.
Әкім әскери қызметшілерді мерекемен құттықтап, олардың ерлігіне, адалдығына және мінсіз қызметіне алғыс білдірді. Сондай-ақ, алдағы уақытта да барлық тапсырмаларды лайықты деңгейде орындайтынына сенім білдірді.