Шымкентте бағдаршамдарға аккумуляторлық жүйелер орнатылуда - 17news.kz ақпараттық-сараптамалық сайты

Шымкентте бағдаршамдарға аккумуляторлық жүйелер орнатылуда

11

Бүгінде қала аумағында электр желілерінің ақауына байланысты бағдаршамдардың істен шығуы орын алуда.

Мәселені шешу мақсатында Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан 24 бағдаршам нысанына үздіксіз қуат беретін қондырғылар (аккумуляторларды) орнату жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі уақытта картада көрсетілген нүктелерде аккумуляторлық жүйелер электр қуаты үзілген кезде де бағдаршамдардың үзіліссіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуде. Қондырылған төменде көрсетілген орындарға орнатылған.
* Желтоқсан көшесінің Рысқұлбеков, Момышұлы мен Байтұрсынов көшелері қиылысында
* Жібек жолы көшесінің Сайрам және Аймауытов көшелері қиылысында
* Арғынбеков көшесінің Шаяхметов пен Ерімбетов көшелері қиылысында
* Қонаев даңғылының Иляев және Тәжібаев көшелері қиылысында
* Бәйтереков көшесінің Назарбаев, Назарбеков және Арғынбеков көшелері қиылысында
* Рысқұлов көшесінің Дулати, Адырбеков және Шаяхметов көшелері қиылысында
* Темірлан тас жолы мен Желтоқсан, Мангельдин, Қожанов, Алпысбаев және Әл-Фараби көшелері қиылысында
* Тәуке хан даңғылының Қонаев және Байтұрсынов көшелері қиылысында
* Бәйдібек би – Назарбаев даңғылы қиылысында
* Жиделібайсын – Гагарин көшелері қиылысында
Қазір басқарма тарапынан жарық жиі сөнетін аумақтар зерделеніп, бағдаршам нысандарына да арнайы қуат бергіш желілерді орнату жұмыстары жалғасуда.
Advertisements