Шымкент мұнай өңдеу зауытының қуаты 2030 жылға қарай екі есеге артады

Астанада “ҚазМұнайГаз“ ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов және CNPC Директорлар кеңесінің төрағасы Дай Хоулян кездесті.
Талқылаудың басты тақырыбы Шымкент мұнай өңдеу зауытындағы бірлескен жоба болды, оның қуаттылығы екі есеге: 6–дан 12 миллион тоннаға дейін арттыру көзделуде.
Бүгінде зауытта 2 мыңға жуық қызметкер жұмыс істейді және кәсіпорын жыл сайын операциялық тиімділікті арттырады, деп атап өтті компания.
2025 жылдың бес айында өңдеу көлемі 2,55 миллион тоннаны құрады. Жеңіл мұнай өнімдерінің шығу деңгейі–82%, өңдеу тереңдігі–88%.
Тараптар “Урихтау“ кен орнынан өндірілген шикізат Ақтөбе облысындағы Жаңажол МӨЗ не жеткізілетіні туралы да келісті. Басталуы 2026 жылға жоспарланған.