Шымкентті абаттандыру жұмыстары жалғасуда
Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, шаһарда жасыл желектерді көбейту, тал егу, көшет отырғызу жұмыстары қарқын алды.
Қазіргі уақытта Арғынбеков көшесі мен Шымсити шағынауданына қарасты 4 көше (Байынкөл, Алатау батыр, Абылай хан, Әбілқайыр хан) көгалдандырылуда.
Арғынбеков көшесінің жасыл желектерін жаңарту жұмыстары «KAZ PARTNERS FUND» ЖШС мердігер мекемесі тарапынан атқарылып жатыр. Онда жалпы 91275 шаршы метр аумаққа спорттық газон отырғызылады. Бұл жұмыстарға 21 арнайы техника және 45 жұмысшы жұмылдырылған.
Шымсити шағынауданының Байынкөл, Алатау батыр, Абылай хан, Әбілқайыр хан көшелерінде де көгалдандыру жұмыстары басталды. Аталған көше бойларына 1200-ге жуық ағаш көшеттері отырғызылып, 92500 шаршы метр аумаққа спорттық газон DLF егіледі. Сондай-ақ, жасыл желектерді сумен қамтамасыз ететін 9 су ұңғымасы орнатылады. Осы аумақтағы абаттандыру жұмыстарына жауапты мердігер – «Клинчин» ЖШС мекемесі.
Айта кетсек, шаһарда көгалдандыру жұмыстары ақпан айының соңында басталып, ағымдағы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарлануда.