Маңғыстаулықтар көлік салығын төлемей отыр

79 мыңнан астам маңғыстаулық автокөлік иесі жалпы сомасы 2,5 млрд теңгеден астам салық төлеу қажеттігі туралы хабарлама алды. Қазір бюджетке тек 500 млн теңгеден астам қаражат түсті.
Lada.kz-тың ақпараты бойынша, Мемлекеттік кірістер департаментінің мамандары салықты төлеу мерзімдері мен әдістерін еске салуда.
Ақтау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары Асқар Аралбаев 2024 жылы көлік салығы 79 394 меншік иесіне есептелгенін айтты. Азаматтардың мемлекет алдындағы борышының жалпы сомасы 2 млрд 526 млн теңгені құраап отыр. Қаржы бюджетке 2025 жылдың 1 сәуіріне дейін түсуі керек.
Осыдан кейін кідірістің әр күні үшін өсімпұл есептеледі. Сонымен қатар, салық төленбеген жағдайда тиісті хабарлама салық төлеушіге жіберіледі. Егер хабарлама орындалмаса, салық бұйрығы шығарылады, содан кейін оны мәжбүрлеп өндіріп алу үшін жеке сот орындаушысына жібереді,-деді Асқар Оразбаев.
Мемлекеттік кірістер департаменті салықты есептеу кезінде 2024 жылы қолданыста болған 3 692 теңге мөлшерінде айлық есептік көрсеткіш (АЕК) қолданылатынын еске салды.