Павлодар облысында жылқы бағанаға соғылды: 16 жастағы шабандоз реанимацияда - 17news.kz ақпараттық-сараптамалық сайты

Павлодар облысында жылқы бағанаға соғылды: 16 жастағы шабандоз реанимацияда

15
CatwalkPhotos

16 жастағы бала Құнан байге ұлттық ойыны кезінде аттан құлап, басынан жарақат алды.

Жазатайым оқиға 21 наурызда Қызылжар ауылында орын алды. Бала ұлттық ойынға заңды өкілінің келісімімен қатысқан. Ат үркіп, жарық бағанына соғылыпты.

2008 жылы туған бала бас миының жарақатымен облыстық балалар ауруханасына түсті. Операция, сондай-ақ емдеу шараларының кешені жүргізілді. Қазіргі уақытта баланың жағдайы тұрақты. Ол дәрігерлердің үнемі бақылауында, қарқынды терапия жүргізіледі. Мамандар барлық қажетті медициналық көмекті көрсетуді жалғастыруда, деп хабарлады Ақсу қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Бұдан басқа, өңірдің полиция департаменті оқиғаға ықпал еткен жағдайлар мен себептерді жою бойынша Ақсу әкімдігінің атына ұсыныс жолдады.

Advertisements