Талдықорған: Баланы тоқ ұрды - 17news.kz ақпараттық-сараптамалық сайты

Талдықорған: Баланы тоқ ұрды

4

Талдықорғанда Kaspi төлем терминалын  пайдаланған кезде баланы тоқ ұрды.  Баланың саусақтары күйіп қалған. Ол ауруханаға жеткізілді. 

Оқиға сәті түсіп қалған видео Krisp.tdk. Instagram парақшасында жарияланды.

Баланың анасы банкоматта ашық сымдардың болмағанын хабарлады. Қазір бала ауруханада, оған саусақ күйігі диагнозы қойылған. Баланың жағдайы тұрақты.

Облыстық полиция департаментіндегілер қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару не өткізу, жұмыстарды орындау немесе қызметтер көрсету фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

Тергеу шеңберінде қауіпсіздік нормалары мен құрылғыны орнату ережелерінің сақталуына тексеру жүргізіледі. Кінәні анықтаған жағдайда тиісті тұлғалар заңда белгіленген тәртіппен жауапқа тартылатын болады. Тергеу заңнама талаптарына қатаң сәйкес жүргізіледі. Тергеу мүддесі үшін өзге де ақпарат жариялауға жатпайды. Тергеу барысы облыс полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында, деп сендірді ПД.

Бұл оқиғаға банк өкілдері де түсініктеме берді.

Біз болған жағдайға қатты өкінеміз, баланы емдеуге барлық қажетті көмекті көрсетеміз, оның отбасымен байланыстамыз және оның тез қалпына келуі үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз. Бақытымызға орай, өмірге қауіп жоқ. Біздің мамандар дереу дүкенге келдіоқиғаның себептерін мұқият тексеріп жатыр, деп хабарлады банктегілер. 

Advertisements