Орал-Маңғыстау бағытындағы пойызда әйелдер вагоны іске қосылады

1 маусымнан бастап № 614/613 “Орал–Маңғыстау” бағытындағы пойызда әйелдер вагонының іске қосылатыны туралы ҚТЖ мәлімдеді.
Осылайша, “әйелдер вагоны“ қызметі бар маршруттардың жалпы саны 12–ге дейін ұлғаяды.
Бұл вагондарға билеттер тек әйелдерге сатылады. Мұндағы жолсеріктер де тек нәзікжандылар. 7 жасқа дейінгі ұл балдарға бұл вагонға билет алуға рұқсат бар.
Қазіргі уақытта әйелдер вагондары келесі бағыттарда жүреді:
№ 77/78“Алматы — Маңғыстау“;
№ 351/352 «Алматы — Маңғыстау»;
№ 45/46 «Павлодар — Түркістан “;
№ 37/38 «Маңғыстау — Семей»;
№ 47/48 «Атырау — Астана»;
№ 33/34 «Ақтөбе — Алматы»;
№ 4/3 «Астана — Алматы»;
№ 71/72 «Астана — Шымкент»;
№ 354/353 «Астана — Семей»;
№ 24/23 «Ақтобе — Алматы»;
№ 25/26 «Алматы — Шымкент»;
№ 614/613 «Орал — Маңғыстау».
Билеттерді сатып алу жөнелтуден 45 күн бұрын ашылады.