Шығыс Қазақстан облысы: Көлік кәріз құдығына түсіп кетті - 17news.kz ақпараттық-сараптамалық сайты

Шығыс Қазақстан облысы: Көлік кәріз құдығына түсіп кетті

17

Шығыс Қазақстан облысы, Алтай қаласында автокөлік кәріз құдығына түсіп кетті.

Кәріз құдығы өткен жылы  қазылған. Жаңбырлы күні жүргізуші көлікті басқара алмай, қазылған шұңқырдан бір-ақ шығады. Көлік күрделі жөндеуді қажет етеді.

“Өткен жылдың қазан айында бізге үш жерден кәріз құдықтары қазылды. Бұған дейін бітелу болды, ағынды су бірнеше ай бойы тасыды. Мұның бәрін жою үшін осындай шешім қабылданды. Олар бәрін бірден ретке келтіре алмады, құдықтарды қалпына келтіру үшін сақиналар жоқ, біз тапсырыс береміз деді. Міне, алты ай өтті, бәрі сол қалпында тұр. Жөнделмеді, ретке келтірілмеді”,-дейді жергілікті тұрғындар. 

 

Advertisements