Антикор Айбол Құлбаевтың ұсталғанын растады

Антикордағы брифингте Алматы облысы спорт басқармасының бұрынғы басшысы Айбол Құлбаевтың ұсталғаны, шенеуніктің қамауға алынғаны расталды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ресми өкілі Данияр Бегайдаров атап өткендей, әлеуметтік желілер мен БАҚ-та Алматы облысы спорт басқармасының бұрынғы басшысының ұсталғаны туралы ақпарат тарады.
“Сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікпен Алматы облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының бұрынғы басшысы қамауға алынды. Ол олимпиадалық резервтің республикалық мамандандырылған мектеп–интернатының директоры бола тұра, азық-түлік жеткізу жөніндегі қызметтерге мемлекеттік сатып алу шартын жасасқаны үшін дара кәсіпкерден 8 млн теңге сомасында пара алды деген күдікке ілінді. Ағымдағы жылдың 24 сәуірінде күдікті соттың санкциясымен қамауға алынды. Тергеу жалғасуда“, – деді Данияр Бегайдаров.