ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА АЗЫҚ-ТҮЛІК ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

Түркістан қаласында тұрғындарды арзандатылған азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ету үшін тұрақты түрде жәрмеңкелер өтуде.
Бүгінгі жәрмеңке Бірлік секторында ұйымдастырылды. Онда Сауран, Жетісай, Мақтаарал, Шардара аудандарынан және Кентау қаласынан келген ауыл шаруашылығы өнімдері, сондай-ақ «Түркістан» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-ның тұрақтандыру қоры арқылы 50 тоннаға жуық азық-түлік ұсынылды.
Жәрмеңкеде ет және сүт өнімдері, жұмыртқа, көкөністер, жеміс-жидектер мен күнделікті тұтынуға қажетті өзге де азық-түлік тауарлары сатылымға шықты. Сауда сөрелеріне қойылған тауарлар тікелей өндірушілерден жеткізіліп, нарықтағы бағадан 30-50 пайызға дейін төмен бағамен сатылды.












