Қытайлық блогер Тао Минсю ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапатталды

Мәдениет және ақпарат министрлігінің хабарлауынша, миллиондаған оқырманы бар қытайлық блогер, Kazakh Tourism амбассадоры Тао Минсю Мемлекет басшысының атынан ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапатталған.
Жоғары мемлекеттік награданы оған Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева табыстаған. Марапат Тао Минсюдің Қытай медиакеңістігінде Қазақстанды танытуға, оның мәдени мұрасы мен туристік әлеуетін насихаттауға, сондай-ақ Қазақстан мен Қытай арасындағы гуманитарлық байланыстарды нығайтуға қосқан үлесі үшін беріліп отыр.
Қытайдан келген танымал блогер Tao Tao Түркістанда өткен Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне қатысып, қазақ халқының бай мәдениетімен жақынырақ танысқан болатын.
Мемлекет басшысы Түркістан қаласына жұмыс сапары барысында Tao Tao-мен кездесіп, пікір алмасты. Кездесу барысында қонақ қазақтың салт-дәстүріне, ұлттық тағамдары мен қонақжайлылығына ерекше қызығушылық танытқанын атап өтті.












