ТҮРКІСТАН: ТҰРҒЫНДАРДЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ БАҚЫЛАУЫНА АЛЫНДЫ

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров өңір тұрғындарын жеке қабылдап, өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады. Қабылдау барысында тұрғындар жер, тұрғын үй, кәсіпкерлік салаларына қатысты бірқатар өзекті мәселелерді көтерді.
Түркістандық тұрғындар Жаңа қала аумағында орналасқан 20 қабатты тұрғын үйдің сапасына қатысты мәселелерді ортаға салып, ретке келтіру бойынша жұмыстарды жеделтетуді сұрады. Сондай-ақ, Түркістан қаласының тұрғыны жеке кәсіп ашу үшін жер қарастыру бойынша өтінішін жеткізді. Одан бөлек, азаматтар Төлеби ауданын аумағындағы демалыс аймақтарындағы жер және заңсыз құрылыс мәселелерін қозғады.
Қабылдау қорытындысы бойынша жауапты басқармалар мен аудан әкімдеріне нақты тапсырмалар беріліп, мәселелердің орындалуы бақылауға алынды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі












