Шымкент: Отбасылық жанжал кісі өлімімен аяқталды - 17news.kz ақпараттық-сараптамалық сайты

Шымкент: Отбасылық жанжал кісі өлімімен аяқталды

14

10 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл күйеуінің әйелін өлтіргені үшін арқалаған жазасы.

Ерлі-зайыптылар бірге алкогольді ішімдік ішіп, араларында жанжал туындаған. Салдарынан күйеуі әйелін пышақпен ұрып, өлтірген.

Соттың ресми Telegramканалында хабарланғандай, кісі өлтіру туралы қылмыстық істі (ҚК 99-бабының 1-бөлігі) Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қарады.

2025 жылдың қаңтарында сотталушы Шымкент қаласы Еңбекші ауданында орналасқан өз  үйінде  азаматтық жұбайы жәбірленушімен бірге спирттік ішімдік ішкендері белгілі болды.

Ішімдік ішу кезінде олардың арасында жанжал туындайды, нәтижесінде ол үстелдегі ас үй пышағын жәбірленушінің жүрегіне бірнеше рет сұғып алады, деп анықтады сот.

Нәтижесінде әйел алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды. Сот қорытындылары жәбірленушінің заңды өкілінің айғақтарымен, сараптамалардың қорытындыларымен, тінту хаттамаларымен, заттай дәлелдемелермен және қылмыстық істің басқа да материалдарымен расталды. Сотталушы өз кінәсін мойындап, соттан оған қатаң жаза тағайындамауды сұрады.

Сот ер адамды кінәлі деп тауып, оған 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Advertisements