Қазақстан: Жеңіс шеруі 7 мамырдан 9 мамырға ауысады ма? - 17news.kz ақпараттық-сараптамалық сайты

Қазақстан: Жеңіс шеруі 7 мамырдан 9 мамырға ауысады ма?

12

Ғаламторда Жеңіс күніне арналған шеру 7 мамырдан 9 мамырға ауыстырылады деген бейне таратылды бұл жалған ақпарат. 

ҚазнеттеЖеңіс күніне арналған шеру 7 мамырдан 9 мамырға ауыстырылады” деген жалған бейне таратылды. Алаяқтар Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов түскен бейнежазбаға жалған дауыс қолданып, осындай видео таратқан. Ақпаратқа ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі түсініктеме берді.

“Әскери шеру2025 жылғы Мемлекеттік күн тәртібіндегі басты оқиғалардың бірі.  7 мамырда бекітілген жоспарға сәйкес “Қазақ елі монументі алаңында өтеді. Азаматтар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін арандатушылық, құйтырқылық әрекеттерге сенбеуге және тек қана ресми ақпарат көздеріне сүйенуге шақырамыз, делінген ведомствоның ресми хабарламасында.

Advertisements