Шымкент әкімі өрттен зардап шеккендерді қолдау шараларын қарастыруды тапсырды - 17news.kz ақпараттық-сараптамалық сайты

Шымкент әкімі өрттен зардап шеккендерді қолдау шараларын қарастыруды тапсырды

10

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков өткен аптада халықпен көшпелі кездесулер кезінде тұрғындармен кездескен болатын. Сол кезде 18 маусымда болған өрт салдарынан зардап шеккен Тұран ауданындағы 1 мамыр көшесіндегі екі қабатты үйдің тұрғындары әкімнен көмек сұрады.

Осыған орай әкім оқиға орнына барып, бүлінген ғимаратты қарап, тұрғындармен кездесті. Адам өмірін қиған өрттің салдарынан 19 пәтердің 11-і өрттен зақымданды. Көптеген отбасылар баспанасыз қалды.
Мегаполис басшысы марқұмның туыстары мен жақындарына көңіл айтты. Кездесу барысында зардап шеккендерді қолдау шаралары мен тұрғын үймен қамтамасыз ету мүмкіндіктері, өзекті мәселелер пысықталды.
Қорытындылай келе, азаматтарға бірдей тұрғын үй беру ұсынылды. Шымкент Сити, Тұран шағын аудандарындағы пәтерлер қарастырылып отыр.
Қала әкімі кешенді жұмыстардың нәтижесінде қайғылы жағдайдың салдарын еңсеріп, адамдардың қалыпты өмірге тез оралуын қамтамасыз етуге болатынын атап өтті.
Advertisements