2018-2023 ЖЫЛДАР АРАЛЫҒЫНДА ШАҺАРДА 900 ШАҚЫРЫМНАН АСТАМ АСФАЛЬТТАЛҒАН ЖОЛ САЛЫНДЫ - 17news.kz ақпараттық-сараптамалық сайты

2018-2023 ЖЫЛДАР АРАЛЫҒЫНДА ШАҺАРДА 900 ШАҚЫРЫМНАН АСТАМ АСФАЛЬТТАЛҒАН ЖОЛ САЛЫНДЫ

0
81
Шымкентте бірінші кезекте, халыққа қажетті ауыз су, электр, табиғи газ мәселесін біршама шешу қолға алынса, ендігі кезекте көлік инфрақұрылымын дамытуға көп көңіл бөлінуде.
Көлік инфрақұрылымын дамытуға бөлінетін қаражаттың көлемі биыл 38,0 млрд.теңгеге жеткізіліп, 2018 жылмен салыстырғанда 5 есеге ұлғайды.
Соңғы 5 жылда ұзындығы 900 шақырымнан астам асфальтталған жол салынып, қаланың орталық бөлігіндегі ірі жол айрық пайдалануға берілді. Биылғы жылы, қалаға кіреберістегі басты магистралды жолдағы жол айрықтың құрылысы, қаланың Солтүстігі мен Оңтүстігін байланыстыратын магистралды жолдың, қаланың транзиттік әлеуетін арттыратын айналма жолдарды пайдалануға беру жоспарлануда.
Advertisements