Шымкентте 1000 шақырым көше таңбалары қайта сызылуда

Шымкент қаласының көшелерінде ағымдық жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оның арасында көшелердегі жол сызықтары, жаяу жүргіншілер сызықтары сияқты көлік жүргізушілер үшін маңызды болып табылатын жол таңбаларын қайта сызу жұмыстары бар.
Көлік қозғалысына кедергі келтірмеу мақсатында жол сызықтары түнгі уақытта сызылып жатыр.
Нақты айтар болсақ, Тұран шағынауданында жол сызықтарын сызу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Тәуке хан даңғылының жол сызықтары жаңартылды. Ал Аймауытов пен Сырым батыр көшелерінің жаяу жүргінші өткелінде және Бейбітшілік пен Өтегенов Төлеметов көшелеріне жол таңбалары сызылды.
Жалпы, Шымкент қаласында биыл 1000 шақырым көшенің жол таңбалары жаңартылып, сызылатын болады.