ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ЖОЛАУШЫЛАР ТЕРМИНАЛЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ - 17news.kz ақпараттық-сараптамалық сайты

ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ЖОЛАУШЫЛАР ТЕРМИНАЛЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

0
83
Қалада жаңа жолаушылар терминалының құрылысы жүріп жатыр. Бүгінгі күні нысанның шатыры толық жабылып, қасбеттік жүйелерін монтаждалып, желдеткіш жүйелері орнатылуда. Қала әкімі Мұрат Әйтенов бүгін құрылыспен танысып, жұмыс барысын пысықтады.
Қазір богаждық жүйенің құрылғылары мен лифтілер, эскалаторлар орнатылып, инженерлік желілер құрылуда.
Жалпы жобаның орындалуы қазір 85% ға жетті.
Әкімдік тарапынан инвесторды қолдау мақсатында әуежай алдындағы алаңдағы автотұрақты абаттандыру, жаңа терминалға апаратын кірме жол салу және жолаушылар терминалына инженерлік желілерді салу жұмыстары жүргізілді.
Бүгінгі таңда аэропортта жолаушы өткізу қабілеті сағатына 200 адам болса, жаңа терминал іске қосылғаннан кейін сағатына 2 мың адамға артады. Жаңа терминалдың жалпы ауданы 35 мың шаршы метрді құрайды, 4 галерея қарастырылған. Өндірістік кестеге сәйкес жаңа терминал биыл қолданысқа беріледі.
Advertisements