Кісі өлтіргені үшін сотталған экс-министр Бишімбаев басқа колонияда отыр
Әйелін өлтіргені үшін жазасын алған Қазақстанның Экс–министрі Қуандық Бишімбаев басқа колонияға ауыстырылды.
Бұл туралы бұрынғы шенеуніктің адвокатыЕрлан Газымжанов айтып берді. Оның айтуынша, Бишімбаев Степногорск қаласындағы түзеу мекемесіне ауыстырылған. “Ол басқалар сияқты жағдайда жазасын өтеуде“, — деп қосты адвокат, бұрынғы министрдің ешқандай артықшылығы жоқ екенін атап өтті.
Бұған дейін БАҚ-та Бишімбаевтың Аршалы ауылындағы колониядан жоғалып кеткені туралы ақпарат пайда болды. Алайда, Қазақстан ІІМ Қылмыстық–атқару жүйесі комитеті бұл деректерді жоққа шығарды.
Естеріңізге сала кетейік, Бишімбаев өзінің азаматтық әйелі Салтанат Нүкенованы өлтіргені үшін 24 жылға сотталды.