Француз кәсіпкерлері Шымкентте - 17news.kz ақпараттық-сараптамалық сайты

Француз кәсіпкерлері Шымкентте

15
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Францияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Сильван Гиоге бастаған француз кәсіпкерлерімен кездесті. EDF, Veolia, AZ Syndicat, C3Medical, Dualest, СП ALMGT, Richel Group сынды жетекші француз компаниялары мен Франция-Қазақстан Сауда-өнеркәсіп палатасының (CCIFK) өкілдері Шымкентте бірқатар бірлескен жобаларды жүзеге асыруға қызығушылық білдірді.
Кездесу барысында 2025–2028 жылдары бірлескен жобаларды жүзеге асыруға бағытталған Ынтымақтастық жөніндегі Жол картасына қол қойылды. Бұл құжат мәдениет және білім беру саласында тәжірибе алмасуға, қала құрылысы, ауыл шаруашылығы және қалалық инфрақұрылым салаларына озық француз технологияларын енгізуге және денсаулық сақтау, ғылым және білім беру салаларындағы әріптестікті нығайтуға негізделген.
Сонымен қатар, келісім туризмді дамытуға мүмкіндік береді. Шымкентте Франция мәдениеті күндерін және Францияда Шымкент күндерін ұйымдастыру жоспарланған. Сондай-ақ инвестициялық ахуалды жақсарту және бизнес байланыстарды кеңейту қарастырылған. Жол картасын іске асыру қала тұрғындары үшін жаңа мүмкіндік ашып, Шымкенттің тұрақты дамуына ықпал етеді.
Advertisements