17 мың сарбазға несиелік демалыс берілді - 17news.kz ақпараттық-сараптамалық сайты

17 мың сарбазға несиелік демалыс берілді

19

Бүгінгі таңда 17 мың әскери қызметкерге  6,6 млрд теңге сомасына негізгі борыш пен сыйақы бойынша кредиттік демалыс берілді.

Қорғаныс ведомствосының бастамасы,  мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерге әскери қызметін өткеру кезінде өз кредиттері туралы алаңдамауға мүмкіндік береді.

Меморандумды іске асыру үшін Агенттікпен және қаржы ұйымдарымен өзара іс-қимылдың арнайы алгоритмі әзірленді. Шақыру науқаны барысында жиналған банктік қарыздар мен микрокредиттер туралы мәліметтер бірден Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне жіберілетін болады.

Төлемдерді кейінге қалдыру кезеңінде несие беруші сот ісін жүргізуді, берешекті өндіріп алу бойынша нотариусқа жүгінуді, тұрғын үйді сатуды, қарыз алушының отбасын шығаруды тоқтатады.

Сот шешімі бойынша берешекті өндіріп алудың барлық нысандары да тоқтатылады.

Advertisements