Шымкентте IT қауымдастығы дамып келеді - 17news.kz ақпараттық-сараптамалық сайты

Шымкентте IT қауымдастығы дамып келеді

6

Өткен жылы шаһарда қала әкімдігінің қолдауымен «Shymkent HUB» технологиялық паркі іске қосылған болатын.

HUB-тың басты мақсаты – IT экожүйесін дамыту, цифрландыру дағдыларын енгізу, оның технологияларын дамыту, жалпы көпшілікті осы салаға қызықтыру.
Былтыр HUB-та IT-қауымдастықты дамытуға және аймақтағы стартап жобаларды қолдауға бағытталған 72-ке жуық іс-шара өткізіліп, 2 хакатон, жоғары деңгейде форумдар ұйымдастырылды. 2030-ға жуық келушілер тіркелген. Қала тұрғындарына арналған 200-ден астам білім бағдарламалары курсы ашылды. Орталық өңірдегі талантты жастарды қолдап, олардың кәсіби өсуі мен дамуына жағдай жасайды.
2025 жылы орталықта 120-ға жуық іс шара өткізу, кемінде 1 инкубациялық бағдарламаны іске қосу жоспарланып отыр. Сонымен қатар, 1 хакатон өткізу және 5 стартап шығару мақсаты қойылды. Таяуда IT саласындағы қыздарға арналған «Tech Dames» қауымдастығы ашылып, жұмысын бастады. Shymkent Hub-тың негізінде құрылған Tech Dames клубы – идеяларды жүзеге асыру мен тәжірибе алмасуға арналған алаң.
Сондай-ақ, 2025 жылы жоба менеджерлеріне, басқарушыларға арналған клуб ашу жоспарда тұр.
Advertisements