Шымкентте дәстүрлі садақ атудан Азия кубогі басталды - 17news.kz ақпараттық-сараптамалық сайты

Шымкентте дәстүрлі садақ атудан Азия кубогі басталды

9

Бүгін Шымкент қаласындағы «Металлург» спорт кешенінде дәстүрлі садақ атудан Жақсығұл мерген атындағы Азия кубогінің ашылу салтанаты өтті.

Салтанатты рәсімге Шымкент қаласы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Маратбек Мықтыбеков, сондай-ақ «Sadaq Aty» республикалық дәстүрлі садақ ату федерациясының вице-президенті Диас Ахметов қатысып, жарысқа жиналған спортшыларға сәттілік тіледі.
Биылғы Азия кубогінде 150-ге жуық садақшы өз шеберлігін сынауда. Қазақстан ұлттық құрамасы мен елдің 20 өңірінен келген спортшылардан бөлек, Қытай, Оңтүстік Корея, Түркия, Пәкістан, Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей, Моңғолия, Үндістан, Түрікменстан және Малайзия елдерінің үздік мергендері жарыс жолына шықты.

Жүлде қоры – 4 800 000 теңге.
Жарысқа 18 жастан асқан ерлер мен әйелдер қатысып, әр нысана бойынша жүлделі орындар сарапқа салынады. Жеңімпаздар медальдармен, дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталады:
1-орын – 500 000 теңге
2-орын – 400 000 теңге
3-орын (екі қатысушыға) – 150 000 теңгеден

Дәстүр мен тарихты тоғыстырған дода 17 наурызға дейін жалғасады.

 

Advertisements