Қуандық Бишімбаевты тағы бір сот күтіп тұр

24 жылға бас бостандығынан айырылған ұлттық экономиканың экс–министрі Қуандық Бишімбаевты тағы бір сот отырысы күтіп тұр.
Қуандық Бишімбаевтың адвокаты Газымжановтың айтуынша, алдағы сот талқылауы алимент келісімінің өзгеруіне байланысты болмақ.
“Бұл келісім Қуандық бостандықта болған кезде, бизнеспен айналысқан және табыс көзі болған кезде жасалды. Әрине, содан кейін балаларға алименттің шамадан тыс мөлшері тағайындалды. Қазір жағдай өзгерді. Ол жұмыс істемейді және бұл алиментті ата-анасына төлеуге тура келуде. Сондай — ақ Қуандықта қандай да бір жинақ болды, сол жерден қаражат та алынды“, – деді ол.
Адвокаттың айтуынша, Бишімбаев колонияда жұмыс істемейді, өйткені “Бос орындар жоқ“. Алимент келісімінің шарттарын Газымжанов құпия деп атады.
Сондай-ақ, адвокаттың айтуынша, қайтыс болған Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелдімен де тағы бір сот талқылауы болуы мүмкін.
“Тағы бір сот талқылауы болады. Салтанат Нүкенованың ағасы Жоғарғы Сотқа моральдық залалдың мөлшерін ұлғайту туралы шешімге Конституциялық шағым түсірді. Шағым Жоғарғы сотта, іс тіркелген, бірақ оның конституциялық сотқа берілетіні әлі белгісіз. Жалпы, ол 1,5 миллиард теңге сұрады. Бірінші сатыдағы сот 10 миллион өндіріп алды. Бұл ақша төленді. Бірақ ол 1,5 миллиард талап етуді жалғастыруда. Апелляция шешімді өзгеріссіз қалдырды“, – деді Ерлан Газымжанов.