Терезе жуу кезінде 10 қабаттан құлап мерт болды - 17news.kz ақпараттық-сараптамалық сайты

Терезе жуу кезінде 10 қабаттан құлап мерт болды

4

Бесағаш ауылында қайғылы оқиға орын алды.  Терезе жуу кезінде 41 жастағы әйел 10 қабаттан құлап, оқиға орнында қайтыс болды. 

Белгілі болғандай, 15 наурызда Бесағаш ауылындағы Аспан сити тұрғын үй кешенінде 41 жастағы әйел 10қабаттың терезесінен құлаған. Ол алған жарақаттарынан сол жерде қайтыс болды.

Алдын ала ақпарат бойынша, қайғылы оқиға терезелерді жуу кезінде абайсызда болған. Оқиғаның барлық мән — жайы анықталуда, деді Алматы облысы ПД.

Advertisements