Қасым-Жомарт Тоқаев боксшы Назым Қызайбайды жеңісімен құттықтады - 17news.kz ақпараттық-сараптамалық сайты

Қасым-Жомарт Тоқаев боксшы Назым Қызайбайды жеңісімен құттықтады

4

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық боксшы Назым Қызайбайды тарихи жеңісімен құттықтады.

– Назым Қызайбайды отандық бокс тарихында тұңғыш рет үш дүркін Әлем чемпионы болуымен құттықтаймын. Бұл – айтулы жетістік!
Сербияда өтіп жатқан Әлем біріншілігінде үздік нәтиже көрсеткен Ұлттық құрама мүшелеріне алғыс айтамын. Спортшы қыздарымыздың алдағы уақытта да үлкен жеңістерге жете беруіне тілектестік білдіремін, – деп жазды Мемлекет басшысы Instagram әлеуметтік желісіндегі өзінің парақшасында.
Advertisements