Шымкенттің “Тұран-2010” командасы топ жарды

Қазан айында бастау алған шайбалы хоккейден Өзбекстан Республикасының алғашқы чемпионаты өз мәресіне жетті. Бұл – көршілес елдің хоккей тарихындағы жаңа кезеңнің бастауы болды.
Аталмыш додада Шымкент қаласының атынан сынға түскен «Тұран-2010» командасы барлық қарсыласынан басым түсіп, тарихи жеңіске қол жеткізді. Жаттықтырушы Жанат Байдеудің жетекшілігімен өнер көрсеткен команда шынайы шеберлік, табандылық пен командалық рухтың үлгісін көрсетті.
Жарыс нәтижесі:
1 орын — «Тұран» (Қазақстан, Шымкент)
2 орын — «Бинокор» (Өзбекстан, Ташкент)
3 орын — «Хумо» (Өзбекстан, Ташкент)