Шымкентте алғаш рет үстел теннисінен қалалық ашық І лига жарысы өтті - 17news.kz ақпараттық-сараптамалық сайты

Шымкентте алғаш рет үстел теннисінен қалалық ашық І лига жарысы өтті

5

Шымкент қаласында үстел теннисі бойынша 2025 жылдың 13 сәуірінде қалалық ашық I лига жарысы басталды.

Бұл шара алғаш рет біздің қалада өткізіліп отыр және оған Түркістан, Тараз, Жетісай, Сарыағаш, Қызылорда, Түлкібас қалаларынан, сондай-ақ Қазақстанның басқа өңірлерінен 160-тан астам спортшы қатысты. Жарыс Қазақстан теннис федерациясымен бірлесе ұйымдастырылды.
Жарысқа қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, шеберліктерін шыңдауда. Бұл шараның нәтижесінде қаладағы үстел теннисі деңгейі жоғарылап, жас спортшылардың болашақтағы жетістіктеріне негіз қалануда.
Судьялар алқасының төрағасы Рустам Мираслановтың жетекшілігімен жарыс өтті.
Advertisements