Алматы: Көлікке оқ жаудырды - 17news.kz ақпараттық-сараптамалық сайты

Алматы: Көлікке оқ жаудырды

7

Алматыда белгісіз бір ер адамның машинаға оқ жаудырып жатқан сәті видеоға түсіп қалған. 

Әлеуметтік желілердегі бейнеге сәйкес, оқиға Ожет шағын ауданында болған. Кадрларда ер адам кетіп бара жатқан көлікке мылтықтан оқ атуда.

Қала полициясы бұл іс бойынша екі күдікті бар екенін айтты.

Алматы қаласы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері  екі адамды ұстады. Олардан атыс қаруы тәркіленді. Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Осы факті бойынша Түрксіб ауданының полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Тергеу іс — шараларының кешені жүргізілуде,деп түсіндірді Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Advertisements