Қонаев: Өртке оранған ғимараттан 14 адам құтқарылды

Қонаев қаласының 1–шағын ауданында орналасқан бес қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатындағы пәтерде өрт шықты. Алғашқы өрт сөндіру жасағы келген кезде қызыл жалын шамамен 15 шаршы метр аумақты шарпыған еді.
Жағдай өте қауіпті еді, бірақ ТЖМ қызметкерлерінің жедел және үйлесімді әрекеттерінің арқасында қайғылы жағдайға жол берілмеді.
Өрт сөндірушілер баспалдақ арқылы 14 адамды, оның ішінде төрт баланы эвакуациялады. Сондай-ақ, мамандар жану аймағынан газ баллонын шығарып, ықтимал жарылыстың алдын алды.
Өрт толығымен жойылды, зардап шеккендер жоқ.