Жұманғарин: Вьетнам Қазақстандағы әуежайды сатып алуды жоспарлап отыр - 17news.kz ақпараттық-сараптамалық сайты

Жұманғарин: Вьетнам Қазақстандағы әуежайды сатып алуды жоспарлап отыр

2

Вьетнам Қазақстандағы әуежайды сатып алуды немесе сенімгерлік басқаруға алмақ, деп мәлімдеді Ұлттық экономика министрлігінің басшысы Серік Жұманғарин.

“Вьетнамдық әйгілі  Saviko Group компаниясы  бізден Qazaq Air авиакомпаниясын сатып алды.  Қазір соны осында дамытпақ. Жақында ол осында сапармен келді.  Мен онымен кездестім. Сонымен қатар, ол әуежайды сатып алуды немесе басқаруға алуды қарастырады, өйткені авиакомпания үшін кез-келген жағдайда негізгі әуежай болуы керек”, -деді ол.

Сондай-ақ, Жұманғарин вьетнамдық компания қарқынды дамып келе жатқанын және оның халықаралық авиакомпаниялармен өте жақсы келісімшарттары бар екенін атап өтті.  “Вьетнамнан үйренетініміз көп” деп атап өтті министр.

“2023 жылы Қазақстан мен Вьетнам арасындағы тауар айналымы шамамен 1 миллиард долларға жетті, содан кейін объективті себептер бойынша ол біршама төмендеді”,- деп атап өтті Жұманғарин.

Бірақ 2024 жылы тауар айналымы 879 миллион долларға жетіпті.  Айта кетейік, Қазақстандағы ең танымал вьетнамдық Mareven Food Holdings Ltd компаниясы Ролтон және Бигбон кеспелерін өндіреді.

 

 

 

 

Advertisements