Маңғыстау облысы: Сәбиді көшеге тастап кеткен

Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы Бесшоқы ауылындағы тұрғын үйлердің бірінің терезесінің алдынан жаңа туған нәресте табылды.
Оқиға 5 мамырда сағат 09:30 шамасында орын алған. Тастанды баланы жергілікті тұрғындардың бірі байқапты.
Оқиға туралы ақпаратты Маңғыстау облысының полиция департаменті растады. Ведомство қазіргі уақытта баланың анасын белсенді іздестіру жүргізіліп жатқанын хабарлады. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ананың жеке басы мен орналасқан жері белгіленеді. Нәресте перзентханаға орналастырылған.