Астанадан кейін Дженнифер Лопес Өзбекстанда өнер көрсетеді

Астанадағы концерттен кейін әлемге әйгілі әнші Дженнифер Лопес Ташкентте концерт береді.
Өзбекстан астанасы әншінің гастрольдік кестесіне ресми түрде енді.
Дженнифер Лопестің концерті 7 тамызда “Бунедкор” стадионында өтеді.
5 маусымнан бастап билеттер сатылымға шықты. Құны 1 миллион сомнан (шамамен 40 мың теңге) 3,7 миллион сомнан (шамамен 150 мың теңге) асады.
Ұйымдастырушылар билеттерді айырбастауға және қайтаруға болмайтынын еске салады.
Алаяқтықты болдырмау үшін Өзбекстан тұрғындарына оларды тек ресми сайттан сатып алу ұсынылады — iticket.uz.
Естеріңізге сала кетейік, 1 тамызда Дженнифер Лопес Астанадағы “Астана Арена“ стадионында концерт береді, ал 10 тамызда Алматыда өнер көрсетеді.