Үшінші мегаполисте үшем туылды - 17news.kz ақпараттық-сараптамалық сайты

Үшінші мегаполисте үшем туылды

13

Шымкент қаласында ерекше қуанышты жағдай тіркелді – 24 жастағы қала тұрғыны Рахимова Феруза алғашқы жүктілігінде үшем: екі ұл және бір қыз баланы дүниеге әкелді.

Сәбилер жүктіліктің 31-аптасында мерзімінен бұрын туылып, бастапқы кезеңде жағдайлары ауыр болған. Жаңа туған нәрестелер біраз уақыт тыныс алу аппаратының көмегімен жан сақтау бөлімінде дәрігерлердің жіті бақылауында болды.
Білікті медицина қызметкерлерінің қажырлы еңбегінің арқасында нәрестелер толық ем алып, денсаулықтары жақсарып, салмақ қоса бастады. Қазіргі таңда анасы мен сәбилердің жағдайы қанағаттанарлық, сәбилер ана сүтімен қоректенуде.
Айта кету керек, Шымкент қаласында туу көрсеткіші жылдан жылға артып келеді. 2025 жылдың басынан бері қалада 12 648 нәресте дүниеге келген, олардың қатарында 149 егіз және 3 үшем тіркелген. Бұл – қаланың демографиялық ахуалының оң көрсеткіші әрі тұрғындар үшін зор қуаныш.
Advertisements