ТҮРКІСТАНДЫҚ ЖАС ТЕННИСШІ ТОП ЖАРДЫ
3-5 ақпан аралығында Шымкент қалалық “Теннис федерациясы ұйымдастырған жарыста түркістандық теннисші топ жарды.
8-9 жас аралығындағы спортшылар жарысқан додада “қызғылт доп” ойынынан жас спортшымыз Дауранова Дурдона 3- ші орынды иеленді.
Қалалық “Балалар мен жасөспірімдер спорт клубының” директоры Нұрланәлі Сыздықов жас теннисшіні қабылдап, жеңісімен құттықтады.
“Спорттағы жетістіктер – ел мерейін өсіретін, азаматтық намыс пен жігерін шыңдап, даңқын арттыратын тынымсыз еңбектің жемісі. Мұндай жеңістер қажырлы күшпен келеді. Жастай болсын осы үдеден шығып, қаланың абыройын асқақтатқан спортшымызға және жаттықтырушысы мен ата-анасына алғысымды білдіремін” деді, мекеме директоры құттықтау сөзінде.
Өз кезегінде, жас спортшы жарыстан алған әсерімен бөлісіп, алдағы армандарын айтты.