Түркістан: Кәсіпкерлікті қолдаудың жобалары түсіндірілді - 17news.kz ақпараттық-сараптамалық сайты

Түркістан: Кәсіпкерлікті қолдаудың жобалары түсіндірілді

0
99
Облыс әкімі Дархан Амангелдіұлының арнайы тапсырмасымен құрылған жұмысшы топ Түркістан қалалық әкімдігінде бүгін жиын өткізді.
⚜️Жиналыста шағын және орта кәсіп ашуға ниетті азаматтар мен кәсіпкерлерді қолдауға арналған жобалар түсіндірілді.
⚜️Жұмысшы топ құрамындағы- облыстық «Электрондық коммерция және қызмет көрсету саласын дамыту бөлімінің» басшысы Қанат Жамалбекұлы, “Түркістан” әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы” АҚ, Инвестициялық жобаларды жүзеге асыру департаментінің бас менеджері Бақдәулет Молдабекұлы, “Оңтүстік” аймақтық инвестициялық орталық ЖШС, Кредиттеу департаментінің директоры Аманжол Рустембекұлы жиынға қатысушыларға кәсіпкерлерді қолдау шаралары бойынша ақпарат жеткізді.
⚜️Одан бөлек, облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының «Егіншілік бөлімінің» басшысы Таңатар Жақыпбаев, “Аграрлық несие корпорациясының” несие бойынша бас маманы Қасымхан Бақтыбайұлы мен “Ырыс” микроқаржы ұйымы ЖШС басқармасы төрағасының орынбасары Жандос Мақсатұлы кәсіп ашуға ниетті тұрғындарға қызмет көрсететін қаржы ұйымдары туралы толық ақпараттар ұсынды.
Advertisements