Түркістан: Ерлер волейболдан жарысқа түсті - 17news.kz ақпараттық-сараптамалық сайты

Түркістан: Ерлер волейболдан жарысқа түсті

113
Түркістан қаласындағы «Olympic center» спорт кешенінде волейболдан жоғарғы лигадағы ерлер командалары арасындағы Қазақстан Республикасының XXXI чемпионатының V тур ойындары басталды. Аталған волейбол бәсекесіне Шымкент қаласының «Шымкент-Динамо», Ақтау қаласының «Маңғыстау», Қызылорданың «Қайсар», Талдықорғанның «Жетісу-Жастар», Ақтөбенің «Алихан-Ақтөбе» командалары мен алаң иелері – Түркістанның «Тұран» волейболшылары қатысып, тартысты ойын өрнектерін көрсетуде.
Әзірге төрт турдың қорытындысы бойынша топ басында 16 ұпай жинаған түркістандық «Тұран» командасы келе жатса, екінші орынға 14 ұпай алған «Жетісу-Жастар» клубы иелік етуде. Ал үшінші орында Шымкенттің «Шымкент-Динамо» құрамасы тұрақтап тұр.
V тур ойындарды ә дегеннен тартысты басталды. Алғашқы күннің нәтижесі бойынша «Шымкент-Динамо» командасы «Қайсар» волейболшыларымен кездесіп, 3:0 есебімен жеңіске жетті. Ал «Алихан-Ақтөбе» мен «Жетісу-Жастар» арасындағы кездесуде 3:0 есебімен ақтөбеліктердің пайдасына шешілді. Сонымен қатар «Тұран» командасы мен «Маңғыстау» арасындағы тартысты ойында 3:1 есебімен алаң иелері қарсыластарын қапы қалдырды.
Енді осы шешуші V турда биылғы жылдың чемпиондары анықталады. Бұл сында басты фавориттердің бірі, алаң иелері «Тұран» командасы чемпиондық атаққа жақындай түсуде.
Advertisements